Трамп Түркияны Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды
АҚШ президенті Түркияны Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды. Мұндай мәлімдемені Дональд Трамп Ақ үйде президент Реджеп Тайып Ердоғанмен өткен кездесуде жасады. Тағы бір сөзінде Трамп Ердоғанның Украина мен Ресей басшыларын бір үстелдің басына отырғыза алатынына сенім білдірді. Оның ойынша, Зеленский де, Путин де Ердоғанды құрметтейді. Түркия Ресейдің С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін 2019 жылы АҚШ-тың санкциясына ілікті. Америка президентінің сөзінше, екіжақты келіссөздер сәтті аяқталатын болса, Анкара осы шектеуден құтылып, АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтарына қол жеткізе алады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07