Тура 2 жыл бұрын Израильдің оңтүстігіне жасалған шабуылдан соң Газада соғыс басталды
Осыдан тура екі жыл бұрын Израильдің оңтүстігінде 1200-дей адам өлтіріліп, 251 кепілдікке алынды. Қазір Израиль қалаларында еске алу шаралары өтіп жатыр. Мемориалдық рәсім ресми түрде қазанның 16-да өтеді.
Бүгін Иерусалиммен бірге Тель-Авивтің «Кепілдіктегілер» алаңына бірталай адам жиналды. Олардың кейбірі орталыққа «Хамастың» қолында қалған 40-тан астам израильдік тұтқынның портретін ұстап барған.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы қазанның 7-гі шабуылдан кейін Израиль армиясы Газа секторында «Хамасқа» қарсы операциясын бастады. Әлі күнге дейін жалғасып жатқан бұл әскери науқан кезінде 67 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, шағын ғана анклав жермен-жексен болды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07