Басты Жаңалықтар Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады

Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады

Жезқазған қаласында облыстық онкологиялық орталық салынады. Құрылыс жүретін жерде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында өңірлерде 70 жаңа медициналық нысан салуды тапсырған еді. 100 науқасқа арналған орталық аймақтағы ең ірі медицина мекемесінің біріне айналуы тиіс. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Өңірде қазірдің өзінде маман даярлау ісі қолға алынды. Осы салаға бейімделген білікті дәрігерлер саны 3-тен 11-ге дейін артып, тәулік бойы жұмыс істейтін төсек-орын 20-дан 50–ге дейін көбейтілді. Орталық қолданысқа берілгеннен кейін қатерлі ісікке шалдыққан науқастар қажетті емнің барлық түрін өңірден шықпай-ақ ала алады.

Анар Жұмағұлова, қайырымдылық қорының директоры:

Біз бұған дейін де бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Емдеу мекемесі өңірге өте қажет. Заманауи құрал-жабдықтар әкелінеді. Балалар мен әйелдер де сапалы ем алады.

Бөлісу