Басты Жаңалықтар Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады

Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады

Санаулы сағаттан кейін Kaspi Жұма мерекесі басталады. Алдағы төрт күн бойы кез келген тауарды тиімді бағада сатып алуға болады. Арнайы жеңілдіктер мен бонустар да қарастырылған. Күзгі науқанға өндірушілердің дайындығын тілшіміз көріп келді.

Көліктің қысқы дөңгелегін сайлап, жылы киім алып көңіліңізді жайлап, жақындарыңызға сыйлық жасайтын сәт келді. Себебі Kaspi Жұма осының бәрін тиімді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұған Kaspi-дің 70 мыңнан астам серіктесі ат салыспақ.

ZETA компаниясының Қазақстандағы 8 зауытында Kaspi Жұмаға дайындық екі ай бұрын басталған. Мұнда үй мен кеңсеге арналған жиһаздар мен басқа да тауарлардың алуан түрі бар. Жылына 6,5 миллион өнім өндіріледі екен.

Айгерім Ғазезова, ZETA қызметкері:

Kaspi Жұмаға дайындық қызу. Бізде көптеген жаңа топтама болады, сонымен қатар әртүрлі жеңілдіктер мен бонустар біздің тұтынушыларды күтеді. Kaspi Жұмаға біз 20 шақты рет қатыстық. Kaspi Жұма бізге осы тауарларымызды сатуға өте жақсы көмектеседі. Бірнеше күннің ішінде 5-7 мыңнан аса тапсырыс келеді. Барлығы Kaspi Жұманың арқасында.

Kaspi Жұма логистикалық компаниялар үшін де жұмыс қызатын кезең. Сондықтан курьерлік қызметтер қосымша мамандарды жұмысқа тартып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр.

Виктор Батлук, «Irbis Logistics» компаниясының мекенжайға жеткізу бағытының жетекшісі:

Біз жаңа сұрыптау желісін іске қостық. Соның арқасында бүкіл процесті қысқартып, екі есе жылдамдаттық. Сағатына 4 300 тапсырыс жөнелтеміз. Барлығы постаматқа жеткізілер алдында соңғы өңдеуден өтеді. Яғни адам ресурсын толық сақтай отырып, бұл процесті автоматтандырдық.

Бұл мереке демалысты аңсап жүрген жандарға да тиімді. Тұтынушылар Kaspi Travel арқылы еліміз бен шетелге саяхатты жоспарлап, 24 айға бөліп төлеп ала алады. Осылайша Kaspi Жұма сатып алушылар үшін тиімді сауда, ал бизнес үшін жаңа клиенттер мен сатылым өсімінің мүмкіндігіне жол ашпақ.

Жақсылық Жасұланұлы

Бөлісу