Басты Жаңалықтар Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ

Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ

Теміртау металлургиялық зауытында жылына 540 мың тоннадан астам металл өнімін өндіруге қауқарлы заманауи желі іске қосылмақ. Ауқымды жоба кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттырып, отандық өнеркәсіптің дамуына тың серпін бермек. Өндіріс пен кәсіпорынның даму жолы мен отандық өнеркәсіптің болашағы Құрылтай депутаттарының комбинат жұмысшыларымен кездесуінде кеңінен талқыланды. Жиын барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттар түсіндірілді. Атап айтқанда, технологиялық жаңғырту, отандық өндірісті өркендету және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Үнзила Шапақ, ҚР Құрылтайының депутаты:

Президент Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерді халық арасында талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпыхалықтық құрылыс алаңы өз деңгейінде нәтижесін беріп, жұртшылықтың қолдауына ие болуда. Бүгінгі кездесуде цифрлық экономиканы дамытуға дайындық және оны күнделікті өмірімізге енгізу мәселелеріне тоқталдық.

Бөлісу