Азаматтық кодекс: Заң талаптары түсінікті болуы шарт
Жаңа Азаматтық
кодекс азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауды күшейтіп, заң талаптарын
барынша түсінікті етуі шарт. Заңнама және құқықтық ақпарат институтының
департамент директоры Тимур Авенов осындай пікір білдірді. Айтуынша, заңнаманың
тиімділігін қабылданған түзетулер санымен емес, олардың іс жүзіндегі
нәтижесімен бағалау қажет. «Азаматтық заңнама – күнделікті өміріміздегі мүлік
сатып алу, келісімшарт жасау, қызмет алу сияқты қатынастарды реттейді.
Сондықтан азамат өз міндеттемелерін, жауапкершілігін және бұзылған құқығын
қалай қорғай алатынын нақты білуі керек. Ал кәсіпкерлер үшін заң
талаптарының тұрақтылығы маңызды. Заң қабылдаумен жұмыс аяқталмайды. Оның
азаматтар мен бизнеске қаншалықты тиімді екенін бағалау қажет. Құқықтық
реформалардың нәтижесі қарапайым халық үшін түсінікті ережелерден, қолжетімді
рәсімдерден және өз мүддесін қорғау мүмкіндігінен көрінуі тиіс», – деді Тимур
Авенов.