Басты Жаңалықтар Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс

Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс

Банктердің қаржысын өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау тетіктері қарастырылып жатыр. Бұл мәселе «Әділет» партиясы жанындағы Іскерлік кеңестің отырысында талқыланды. Жиын Президенттің бизнеске несие беруді ұлғайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында өтті. Қазір «Бәйтерек» холдингі жалпы құны 18,5 триллион теңгеге жуық 25 жобаны пысықтап жатыр. Оларды қаржыландыруға коммерциялық банктер мен халықаралық институттар да қатысады. Ал «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлер 10 жылға дейін жылдық 12,6 пайызбен несие ала алады. Кеңес отырысында ұзақ мерзімді кредиттерді қолжетімді ету, бірлескен қаржыландыру мен лизингті дамыту ұсынылды. Бұл бастамалар Үкіметпен және қаржы нарығын реттеуші агенттікпен бірлесіп пысықталмақ.

Фархат Сәрсекеев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы:

Бағдарламалар арасында «Іскер аймақ» бағдарламасы бар. Ол шағын, микрошағын кәсіпкерлікті қолдау 200 млн теңгеге дейін және «Өрлеу» деген бағдарламамыз бар. Бүгін осы «Әділет» партиясының іскерлік кеңесінде біз айтып өттік, ары қарай нығайту керек осы орта бизнесті ұлғайту керек. Соған орай, қазір 7 млрд-тан 15 млрд теңгеге дейін көбейтуді қарастырып отырмыз.

Бөлісу