Қоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
Қоғамдық орындардағы тәртіп пен әдеп мәселесі бүгінде жиі талқыланып жүр. Үлкендерге орын бермеу, балағат сөз айтып, дау-дамай шығару сынды әрекеттер әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырады. Бірі мұны тәрбиесіздікке баласа, енді бірі қоғамдық мәдениеттің төмендеуімен байланыстырады. Ал халық бұл мәселеге қалай қарайды? Пікірін білген едік.
- Көп жағдайда автобустың ішінде жастар үлкен кісілер кірген кезде көбінесе отырған орындарынан тұрмай, елемеген болып отырады. Әсіресе, оқушылардың арасында өте көп.
- Қоғам дұрысталуы үшін, негізі, адамдар өзіне көп мән беруі керек деп ойлаймын. Автобуста отырған кезде үлкен кісі кірсе, мен бірінші ата-анамды елестетемін. Одан кейін мен орын беруге ұмтыламын.
- Қоғамдық мәдениет туралы айтатын болсақ, адамдар қазір жақсы жаққа өзгеріп жатыр деп ойлаймын. Себебі бұрынғыдан қарағанда, жердегі лас заттар жоқ, көрінбейді.
- Жастардың 70%-ы үлкендерге орын береді немесе көп балағат сөз айтпайды. Өйткені қазір интернет дамыған ғой. Біреу біреумен ұрысып жатса, оны фотоға түсіріп, салып жібереді. Адамдарды сыртынан түсіру өте мәдениетсіз. Түсірсін, жарайды, бетін жауып салуға болады.