Ақтөбеде автотұрақ орнына саябақ салынды
Ақтөбеде ескі автотұрақ орнына демалыс алаңы салынды. Саябақты абаттандыруға құрылыс компанияларының бірі демеушілік көрсетті.
Бұл жерде ескі көліктер мен өзге де техникалар сақталған екі автотұрақ болған еді. Аумағы 7600 шаршы метрден асатын учаскелер әкімдік қаулысымен қаланың жер қорына қайтарылды. Қараусыз қалған аумақ осылайша халық игілігіне берілді. Балалардың ойын алаңы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жайлы орындықтар қойылды, сәулеттік нысандар орнатылды. Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 60 түп ағаш отырғызылды. Демалыс алаңының ортасындағы жарық инсталляциясында «Сәлем» сөзі әлемнің 30 тілінде жазылған. Жалпы облыс орталығында демеушілер есебінен осындай 26 саябақ салу жоспарланған.
Азамат Бекет, Ақтөбе қаласының әкімі:
Қала бойынша жерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Биылдың өзінде 125 жер қайтарылды. Ол 90 га құрайды. Ол әр түрлі жерлер. Ол жерлерде бас жоспарға сай келмейтін немесе игерілмеген жерлер бар. Осы жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып жатыр.