ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
Түркі мемлекеттері ұйымының қызметі әскери одақ құруға емес, мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Мұны ұйымның құрылтай құжаттары да айқындайды. Сарапшылардың айтуынша, ортақ қорғаныс жүйесін қалыптастыру ұйымның негізгі міндеттеріне кірмейді. Керісінше, саяси, экономикалық, ғылыми және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға басымдық беріледі. Әсіресе, Қазақстан үшін түркі елдерімен сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп, инвестициялық және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Салтанат Жақыпова, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА орталық басшысы:
Түркі мемлекет ұйымының құрылтай құжаттарына назар аударуымыз қажет. Яғни, бұл құжатта ең алдымен Түркі мемлекеттерінің ұйымы – бұл өзара достық қарым-қатынасқа негізделген, өзара ынтымақтастықты көздейтін, гуманитарлық салада, ғылыми салада, экономикалық салада, инвестициялық салада жан-жақты қарым-қатынасты нығайтатын алаң болып табылатыны сөзсіз.