«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат халықаралық жарыстарда мергендігімен көзге түскен. Ол Дубайда өткен SWAT Challenge жарысында «Томирис» қыздар командасы құрамында өнер көрсетіп елімізге алтын медаль әкелді. Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер құрамасынан озып шықты. Қымбат - қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін ел чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін әлем және Азия чемпионы. Сондай-ақ ММА, самбо, дзюдо және халықаралық жарыстарда ондаған жүлде иеленген. Енді оның басты мақсаты – «Бүркіт» жасағындағы ең күрделі сынақтардың бірі саналатын күрең беретке қол жеткізу. Егер бұл межеден өтсе, Ұлттық ұлан тарихында күрең берет алған алғашқы бұрымды атанбақ.
Қымбат, Ұлттық ұлан «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері:
Ұлттық Ұландағы «Бүркіт» арнайы жасақ бөлімшесі қазіргі таңда Қазақстан бойынша ең элиталық арнайы жасақ болып саналады. Сол Бүркітте тұңғыш қазақ жауынгер қызы болып жұмыс атқарғаныма өте қуаныштымын. Өзімнің отбасым осы менің жұмысымды қолдайды әрқашанда. Себебі бұл менің кішкентай кезімдегі арманым болатын.