Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мен Орталық Азияны зерттеуге қосқан үлесі Алматыда өткен халықаралық форумда кеңінен талқыланды. Жиынның мақсаты – қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушысы әрі этнографының еңбектерін халықаралық ғылыми ортада таныту және оның зерттеулерінің бүгінгі маңызын саралау. Қатысушылар ғалымның тарихи-этнографиялық зерттеулерін, экспедициялық қызметін және Орталық Азия туралы ғылыми зерттеулерін сөз етті. Сонымен қатар тарихи мұраны заманауи тәсілдермен насихаттау мәселесі де назардан тыс қалмады. Ұйымдастырушылардың мақсаты – Шоқан еңбектерін халықаралық ғылыми айналымға енгізіп, оның мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен таныту. Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Сауд Арабиясынан келген ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер мен мәдениет өкілдері қатысты.
Жеңісбек Төлен, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА орталық басшысы:
Шоқанның ХІХ ғасырдағы халықаралық деңгейдегі ғылымға үлес қосқан, қазақ ғылымының негізін қалаушылардың бірі Шоқан Уәлихановтың халықаралық деңгейде ғылыми еңбегін дәріптеу. Тек қана Қазақстан ауқымында зерттеліп қоймай, Шоқан халықаралық деңгейде ғалымдарды да осы форумға шақырып, халықаралық ғалымдар қатысып, осында Шоқанның еңбектеріне баяндама жасап жатыр.