Келесі жылы елімізде халық санағы жүргізіледі
Келер жылдың қараша айында елімізде электронды әдіспен халық санағы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте статистика туралы жаңа заңды таныстырған еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты. Ол үшін арнайы интернет-портал ашылмақ. Оған азаматтар өздері туралы мәліметтерді қалдыра алады. Үйді аралап тіркеу жүйесі де қалады. Себебі, азаматтардың барлығы ғаламтор желісіне кіре алмайды. Санақшыларға түсетін жүкті жеңілдету үшін вице-министр ел тұрғындарына белсенділік танытуды сұрады. Жиында сондай-ақ, депутаттар статистикалық деректерді анықтау жүйесіне күмән келтірді. Себебі, көп жағдайда ол сандар өмірдегі нақты жағдайға сәйкес келмейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
04.11.2026, 20:11
Alatau City жобасы Лондонда талқыланды
04.11.2026, 20:09
Ветеринарлардың орташа айлығы 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
04.11.2026, 20:07
Биыл Кендірлі мен Зайсанда әуежай ашылады
04.11.2026, 20:03
Қазақстанға Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді
04.11.2026, 20:00
Президент Баладжи Шринивасанды қабылдады: Қазақстанда Network School жобасы іске қосылды
04.11.2026, 20:00
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28