Президент Баладжи Шринивасанды қабылдады: Қазақстанда Network School жобасы іске қосылды
«Халықтық құрылыс» бастамасы келешек ұрпаққа маңызды мұра қалдыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында мектептер, университеттер мен медициналық мекемелерді жаппай салу жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдау кезінде айтты. Президент Қазақстанның білім, ғылым және цифрлық технологияларға инвестиция салып, жаңа буын көшбасшыларын даярлауға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын құптап, жобаның отандық университеттермен және кәсіпорындармен ынтымақтастығын кеңейтуге қолдау білдірді. Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстанда озық технологиялар мен дәстүрлі экономика салалары үйлесімді дамып келе жатқанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы