Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
Аралық сайлау: Демократтар басым түсті
АҚШ-та өткен аралық сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетіп, Конгрестің қос палатасында басымдыққа ие болды. Алдын ала болжамға сай, демократтар Сенаттағы 100 орынның 55-ін ие болды. Ал Өкілдер палатасында партия өкілдері 250 орын алуы ықтимал.
Испанияның көлік министрі қызметінен кететінін мәлімдеді
Испанияның көлік министрі 6 күн бұрын болған темір жол апатынан соң қызметтен кететінін мәлімдеді. Бұл шешімін Оскар Пуэнте парламентте сөйлеген сөзінде айтты. Өткен аптада елдің Урда қаласының маңында екі пойыз соқтығысқанда 69 адам қаза тауып, ондаған жолаушы жараланған.
Үндістанға «Мурасу» дауылы соққы берді
Үндістанның оңтүстік-шығысына «Мурасу» циклоны соққы берді. Желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жеткен. Мектептер мен жоғары оқу орындары жабылды. 30 мыңдай адам уақытша паналарға көшірілді. Ал өткен аптада болған «Арнаб» циклонынан 5 адам қаза тапқан.
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Әлемдік мұнай бағасы арзандады. Brent сұрыбының бір баррелі 103,51 доллар болса, америкалық WTI 95,21 долларға саудаланып жатыр. Энергетикалық шикізат бағасының құбылуына АҚШ-тағы аралық сайлау, Вашингтон-Тегеран келіссөзі қайта жалғасуы мүмкін деген мәлімет ықпал етті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы