Оңтүстік Каролина штатында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 116 адам жараланды
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 2 адам қаза тауып, 116-сы жараланды. «BBC»-дің хабарлауынша, Кэйси қаласында түнгі сағат 2:35-те Нью-Йорктен Майамиге бағытталған 147 жолаушысы бар «Amtrak» пойызы жүк пойызымен соқтығысқан. Күшті соққыдан вагондар рельстен тайған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, пойыздың біреуі қате бағытпен шыққан болуы керек. Билік өкілдері апатқа не себеп болғанын анықтап жатыр. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Дәрігерлердің сөзінше, олардың арасында ауыр жараланғандар да бар. Ал, жергілікті билік болса, соңғы кезде жиілеп кеткен темір жол апаттарына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02