Солтүстік Кореяның олимпиадалық делегациясын Оңтүстік Кореяға елдің ресми басшысы бастап барады
Парламент жетекшісі Ким Ён Намның көрші мемлекетке аттанатынын осыдан бірнеше сағат бұрын Корея үкіметінің өкілдері хабарлады. Жалпы, Пхеньян Пхенчханға үш ірі шенеунікті 18 көмекшісімен жібермек.
Оңтүстік Корея болса, Ақ Олимпиада қарсаңында елге 36 мың шетел азаматының кіруіне тыйым салып отыр. Жергілікті ақпарат агенттігі «Yonhap»-тың хабарлауынша, мұндай шешім ойындар кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, терроризммен күрес жүргізу мақсатында қабылданып отыр. Ал, Олимпиада алауы Оңтүстік Кореяның ең жоғары жағында орналасқан Тхэбэк қаласына жетті. Эстафетаға бас-аяғы 7500 адам қатысты. Айта кетсек, төрт жылда бір келетін Қысқы Олимпиада ойындары Пхенчханда ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02