Испания королі Барселонада үлкен қарсылыққа тап болды
Испания королі VI Филипптің Барселонада басталған Дүниежүзілік Мобильдік Конгрестің ашылу рәсіміне баруына қарсы шеру өтті. Оған жүздеген адам қатысқан. Соңғы мәліметке қарағанда, демонстранттар полициямен қақтығысып, 19 адам жараланды.
Акцияға жергілікті шенеуніктер де атсалысты. Олардың қатарында Барселона мэрі Ада Колау мен Каталонияның телекоммуникация және киберқорғаныс жөніндегі бас хатшысы Хорди Пугнеро бар.
Наразылыққа қазанның 1-де өткен референдум себепші. Онда Каталония жұрты тәуелсіздікке дауыс берді. Бірақ, оны Испания королі заңсыз деп атап, елдің бөлшектенбейтінін ескерткен еді. Айта кетсек, VI Филипп бұл автономиялық аймаққа алғаш рет барып отыр.
Томирис АБИШЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02