Жапонияда әскери кемелер эскадрасын әйел басқаратын болды
Жапонияның әскери-теңіз күштері тарихында алғаш рет соғыс кемелері дивизионын әйел-офицер басқаратын болды. 44 жастағы бірінші дәрежелі капитан Рёко Адзумоның қызметке кірісу рәсімі «Йокосука» теңіз базасында өтті.
Жаңа қолбасшы төрт кемеге, соның ішінде ең ірі «Изумо» тікұшақ тасығышында бір мыңдай адамға жетекшілік етпек. Бұл кемедегі қызметкерлердің 30-ы ғана нәзік жандылар екен.
Айта кетсек, кейінгі жылдары елдің қарулы күштері қатарына әйелдер белсенді түрде тартыла бастады. Сонымен қатар, жақында оларға соғыс ұшақтарының пилоты болуға да рұқсат берілді.
Мадина МҰҚАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02