Басты Жаңалықтар Берлинде бәзбіреулер мешіт пен түрік мәдени орталығын жағып жіберді

Берлинде бәзбіреулер мешіт пен түрік мәдени орталығын жағып жіберді

Германия астанасы Берлинде бәзбіреулер мешіт пен түрік мәдени орталығын жағып жіберді. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, қаланың солтүстігіндегі Райниккендорф ауданында орналасқан ғимараттарға үш жас жігіт от қойған. Олар оқиға орнынан іздерін суытып үлгеріпті.

Тілсіз жаумен күреске 60 шақты өрт сөндіруші тартылды. Бірақ, жалын тез тарағандықтан, мешіттің бас ғимараты түгелдей күлге айналған.

Құқық қорғау органдарының пікірінше, бұл қылмыс саяси себептерден жасалған. Өйткені, жанып кеткен мәдени орталық Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен байланысты. Ал, өрт қойғандар Анкара саясатына қарсы Германиядағы күрд диаспорасының өкілдері болуы мүмкін.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу