Басты Жаңалықтар Мария Захарова Британияға ескерту жасады

Мария Захарова Британияға ескерту жасады

Лондон RT халықаралық телеарнасын жапса, Ресейде Британияның бірде-бір ақпарат құралы жұмыс істемейді. Мұны Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Россия 1» арнасының «60 минут» бағдарламасының эфирінен ескертті.

Таяуда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ресейлік бұрынғы шпион Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына Мәскеудің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген-ді. Содан кейін ағылшын парламенттің бірнеше депутаты RT телеарнасын Біріккен Корольдік аумағында хабар тарату лицензиясынан айыруды ұсынып отыр.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу