25-тен астам мемлекет ресейлік дипломаттарды елден шығаруға дайын
Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мәлім етті. Оның сөзінше, бұл шешім ресейлік бұрынғы тыңшы, экс-полковник Сергей Скрипаль мен оның қызының улану ісіне байланысты қабылданған. Жалпы, алғанда, 100-ден астам ресейлік дипломат елге қайтарылады екен.
Сонымен қатар, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те ұйымдағы Ресейдің тұрақты өкілдерінің саны 10 адамға азаятынын мәлімдеді. Яғни, жеті дипломат әуелде келісілген тіркеуден айырылса, үшеуінің өтініші қабылданбайды.
Айта кетсек, Кремль «Скрипальдің улануына қатысымыз жоқ», - дейді. Ал, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса, бұл әрекетті «арсыздық және АҚШ тарапынан көрсетілген қысымның нәтижесі» деп атады.
Мадина МҰҚАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02