Басты Жаңалықтар Венесуэлада түрмедегі өрттен 68 адам қаза тапты

Венесуэлада түрмедегі өрттен 68 адам қаза тапты

Венесуэланың Карабобо штатындағы түрмеден бүлік шығып, оның соңы өртке ұласты. Салдарынан 68 адам қаза тапқан. Құрбандардың 66-сы - абақтыда отырған ер адам, екеуі - жақындарын көруге барған әйел. Олардың кейбірі түтінмен уланып, ал, кейбірінің денесін қатты күйік шалған.

Жалпы, бұл пенитенциарлық мекемеде 100 шақты тұтқын отырыпты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, түрмеде әуелі атыс басталып, кейін ғимарат отқа оранды.

Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. «Ал, опат болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін», - дейді олар.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу