Басты Жаңалықтар Португалия елшілігіне от қойылды

Португалия елшілігіне от қойылды

Стокгольмде көпқабатты ғимараттағы Португалия елшілігіне от қойылды. Дәл осы нысанда Тунис пен Аргентинаның дипломатиялық өкілдіктері орналасқан. Оқиға салдарынан 14 адам зардап шекті. Олардың кейбірі ауруханаға жеткізілген.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірнеше сағатта ауыздықтаған. Қазір полиция болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр. Ал, осы әрекетке барған адам қамауға алыныпты. 

Кей мәліметтерге қарағанда, португалиялық консулдықтың қызметкерімен кездесуді талап еткен азаматтың есі дұрыс емес болуы мүмкін.

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу