Алматыда «Фариза» спектаклі қойылды
Биыл ақын Фаризаның, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы. Осы қоңыр күзде тек театр емес, елдің мәдени- рухани өмірін елең еткізіп, Әуезов академиялық театрында «Фариза» спектаклі қойылды. Қойылым жаңашылдығымен ерекшеленді. Әрине әр жаңа қойылым — жаңалық. Десек те, театр мамандары бұл қойылымның елең еткізгенін айтып жатыр. Еліміздің бес театрынан таңдаулы бес актер шақырылған. Сахнада заманауи техниканы қолданылған. Соның нәтижесінде, жарық, дыбыс, декорация түрленген. Авторы: жазушы Роза Мұқанова, режиссері - Фархад Молдағали, бас кейіпкерді Назгүл Қарабалина мен Ләйла Бекназар-Ханинга сомдайды.
Мен сені, іздеймін, апа,
Төзімім мүжілген шақта,
Үмітім үзілген шақта,
Күншілдік атқан оқтардан
Көзде мұң тізілген шақта....
Мен сені сағындым...
Апа!
Ақын, әнші Елена Әбдіқалықованың Ақынға арнаған жырынан үзінді келтіре отырып, Фариза Оңғарсынова 80 жылдығына орай жыл соңына дейін толымды материал жасау міндетін орындаймыз деймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16