Беларусьта коронавирустан қаза тапқандар саны 131-ге жетті
Беларусьта бүгін 10 мамырдағы мәлімет бойынша, коронавирустан қаза тапқандар саны 131-ге жетті, індетке 22 мың 973 адам шалдыққан. Өздеріндегі «Стоп ковид» деген ресми сайттан алдық. Ал Беларусь мемлекетінің Covid-19 вирусының таралуына қарамай, әскери парад өткізгені мәлім. Солай жасайтынын Беларусь басшысы алдын-ала мәлімдеді, ешкімді зорлықпен апармайтынын да айтты.
Дегенмен дүниежүзілік ақпарат құралдарында, мәселен, Би-Би-Си-де студенттерге «парадқа барса, сабақ бойынша қарыздары кешірілетіні» айтылған хабарлама түскені жазылды. Ал кейбір сарапшылар: «Бұл Мәскеудің парад өткізбейтініне орай, жеңісті меншіктеудің сәтін ұтымды пайдалану»,- деп пікір білдірген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16