Басты Жаңалықтар Шымкентте колледж студенттері мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ұялы телефонын тартып алған

Шымкентте колледж студенттері мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ұялы телефонын тартып алған

Екі бойжеткен сабақтан үйіне қайтып келе жатқан 9-сыныптың қыздарын сырт көзден таса жерге апарып, қорқытып, қоқан-лоққы жасаған. Аяусыз теуіп, беттерінен ұрған. Ол аздай, бірінің iPhone 5 ұялы телефонын алып кетеді. Ішкі істер органына болған оқиға туралы жәбірленген оқушының бірінің ата-анасы арызданған. Жазылған арыз бойынша Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлері қазір ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Гүлзат Бекболатова, Шымкент қаласы №10 орта мектебі директорының орынбасары:

- Біздің тарапымыздан ол жерде болды деген қыздардың барлығының ата-анасына хабарластық. Барлығын шақырттық. Еңбекші аудандық Ішкі істер басқармасы мамандары келді. Солар өздеріне қажетті сұрағын қойып, қосымша мәлімет аламыз деп, Ішкі істер басқармасына алып кетті.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу