Қытай: «Иньфа» дауылы соққы берді
«Иньфа» дауылы Қытайдың шығыс жағалауына жақындап қалды. Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, тайфун бүгін кешке немесе дүйсенбі таңертең Шанхайға жетуі мүмкін. Осыған орай 100 мыңдай адам эвакуцияланды. Ұшақ рейстері мен пойыз қозғалысы тоқтатылып, порттар жабылды. Бұған қоса өңірде күшті жел соғып қатты толқын көтерілген. Туристік нысандар, саябақтар мен өзге де орындардың жұмысы тоқтатылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Қытайда бұған дейін болған тасқын құрбандарының саны 63-ке жеткен. 5 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті. 1 миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғи апаттан 900 мың гектарға жуық егіс алқабына зақым келді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16