Воронежде жолаушылар автобусы жарылып, екі адам қаза тапты
Ресейдің Воронеж қаласында автобус жарылып, 2 адам қаза тапты. 19 жолаушы жарақат алған. Көлікте барлығы 35 адам отырғаны белгілі болды. Әзірге, жарылыстың нақты себебі белгісіз. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, оқыс оқиғаға қатысты бірнеше болжам қарастырылып жатыр. Ал, Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, автобуста газ балоны жарылған болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында арнайы қызмет тобы жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, жарылысты тексеру үшін Воронежге Мәскеуден криминалистер тобы аттанған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16