Шымкенттегі университеттердің бірінде есірткі саудаланып келген
Шымкенттегі университеттердің бірінде есірткі сақтап, оны сатумен айналысқан орын анықталды. Нашақорлар ол үшін оқу ордасының спорт залын пайдаланып келген. Мұндай сорақы жайт қалалық полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары кезінде белгілі болған.
Есірік буғандардың ордасына айналған жоғары оқу орнының атауын және ол жерде кімдердің болғаны белгісіз. Полиция оқиғаға қатысты өзге де ақпараттарды тергеу мүддесіне сай әзірге таратпай отыр.
Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 302-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел іздестіру шаралары жүргізуе.
Ғани ҚАЛМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы