Ресейдің Пермь университетінде студент 8 адамды атып өлтірді
Ресейдің Пермь қаласындағы мемлекеттік зерттеу университетінде таңертең атыс болып, 8 адам қаза тапты. 24 кісі жараланған.
Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, осы оқу орнының 18-жастағы бірінші курс студенті Тимур Бекмансуров өзгелерге оқ атқан.
Ұстау операциясы кезінде шабуылшы жараланып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Ол курстастарына бүгін сабаққа бармайтынын алдын-ала ескерткен екен. Сонымен бірге, студент өзінде қару барын ешқашан жасырмай, ашық айтып жүріпті. Ал, бүгін ол университет корпусына қарумен еш кедергісіз кіріп, бірінші қабатта жүрген жастарды атқан. Оқиға бойынша көп кешікпей қылмыстық іс қозғалды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16