ДДСҰ безгекке қарсы вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет безгекке қарсы вакцинаны қолданысқа енгізуді мақұлдады.
"Москуирикс" атты препаратты британиялық "ГлаксоСмитКлайн" компаниясы жасап шығарған. Оны дайындауға 30 жыл кеткен екен. Ал, соңғы екі жылда бұл екпе сынақ ретінде 2 млн 300 мың балаға егілді. Енді аталған вакцина африкалық балаларға салынады. "Рейтердің" мәліметінше, 2019 жылы масалар тарататын безгектен 386 мың жеткіншек қайтыс болған. Ал, жаңа препарат жыл сайын ондаған мың баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Айта кетері - екпенің безгекті тудыратын паразиттерге қарсы тиімділігі әзірге 30 пайызды құрайды. Қазір британиялық тағы бір компания тиімділігі бұдан әлдеқайда жоғары вакцинаны сынап жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16