«Талибан» Өзбекстан мен Тәжікстаннан әскери ұшақтарды қайтаруды талап етті
«Талибан» Өзбекстан мен Тәжікстаннан Ауғанстанға тиесілі ұшақтар мен тікұшақтарды қайтаруды талап етті. Бұл туралы осы елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Айта кету керек, былтыр тамызда «Талибан» Ауғанстанды басып алған кезде, ондаған әскери ұшқыш әуе кемелеріне мініп, көрші елдерге қашып кеткен еді. Тәліптердің мәлімдеуінше, Тәжікстан мен Өзбекстанда ауғанстандық 40 шақты ұшақ пен тікұшақ бар. Кейбір мәліметтерге сай, Ауғанстанның бұрынғы үкіметі құлағанға дейін 164 әскери ұшақ болса, қазір елде олардың 81-і ғана қалған. «Талибан» бұл ұшақтар мен тікұшақтардың шетелде қалуына және оларды өзге мемлекеттердің пайдалануына жол бермейтінін мәлімдеп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16