Норвегияда «Талибан» мүшелері батыс елдерімен келіссөз өткізіп жатыр
Ауғанстанда билік етуші «Талибан» мүшелері Норвегияда батыс елдерінің дипломаттарымен кездесіп жатыр.
Бұл – тәліптердің батыстың ресми тұлағаларымен Еуропада алғаш рет келіссөз өткізуі. 3 күндік кездесуде Ауғанстандағы адам құқықтарының қорғалуы және гуманитарлық дағдарыс мәселелері талқыланады. Бүгінгі келіссөздерде ауған өкілдері елдің шетел банктерінде жатқан миллиардтаған доллар активтерін босатуды сұрамақ. Норвегия үкіметі бұл кездесу «Талибанды» мойындауды білдірмейтінін мәлімдеді. Айта кетсек, тәліптер басқаруындағы ауған үкіметін әлемнің бірде-бір мемлекеті мойындаған жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16