Балуан Шолақтың туғанына - 150 жыл
Оған тіпті ақсақалдар да қатысты. Әрісі көршілес Ресей елінің Омбы облысынан қонақтар келді.
Балуан Шолақ - Арқа ғана емес, алты Алашқа тиесілі аумақты еркін жайлаған адам. Керекудің әнші Майрасы мен Қажымұқан бабамызбен бірге Ертіс арқылы Ресейге өтіп жүрген.
Сауық құрып, сейіл жасаған. Ертіс ауданымен шекарлас Омбы қаласының шен-шекпенділері қазақ өнерпаздарын ат жібертіп алдырған.
Сейітмағанбет Сәдуақасов, Омбы қаласы, Русская Поляна ауылының тумасы (РФ):
Сол жиындардың көбінде Балуан Шолақ атамыз, Әміре Қашаубаев, біздің еліміздің алыбы - Қажымұқан бабамыз болған.
Сал-серілік дәстүрді жалғастырушылардың бірі - Амантай Мусин. Жастайынан сәйгүлік ұстап, күреске түсті. Палуан бабамыздың ұлты үшін жасаған қайраткерлігін қазіргі ұрпаққа мақтанышпен айтады.
Амантай Мусин, Павлодар облысының Құрметті азаматы:
Болмасаң да, ұқсап бақ, деген. Соларға ұқсауға тырысқан адамның бірі боламын. Келешекте батырларды елеп, осындай тойлар бола берсін.
Көкпар тартылып, ат шаптырылды. Теңге ілу, аударыспақ ойындары өткізілді. Жасы 80-ге келген Зақан Әбілқасымов ұлттық ат спорт түрлерінің тәсілдерін көрсетті.
Зақан Әбілқасымов, ат спортының ардагері:
Балуан Шолақтың 150 жылдық тойына қатысып жатырмыз. Спортшыларымыз алда болып, Қазақстан жасасын!
Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, бұқаралық спортты дамыту. Қазақ руханияты, мәдениеті мен дәстүрінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан батыр баба есімін ұлықтаудың мәні - осында.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16