Еуропаның әуе компаниялары Киевке ұшақ рейстерін тоқтатты
Ресейдің Украинаға басып кіру қаупіне байланысты Lufthansa және Swiss Air компаниялары Украина астанасына ұшақ рейстерін уақытша тоқтатты. Әуе рейстері бұл бағытқа ақпанның соңына дейін аттанбайды. Бұған қоса, германиялық Lufthansa өз ұшақтарын Киевпен қоса Одесса қаласына да жібермейді. Қос әуе компаниясы бұл шешімді жолаушылар және экипаж қауіпсіздігі үшін қабылдағанын түсіндірді. Олар жағдайды жіті бақылап, түрлі елдердің үкіметтерімен және халықаралық құрылымдармен үнемі байланыста болатынын мәлімдеді. Ал өзгеріске орай жолынан қалған жолаушылар басқа рейстерге ауыстырылмақ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16