Мәдениеттің мәйегі – Жетісу
Мәдениеттің мәйегі – Жетісу. 8 жылдан бері Алматы облысында аудан-қалалардың мәдениет күндері өтіп келеді. Әр аудан облыс орталығы Талдықорғанда көпшілікке рухани құндылықтарын ұсынып келсе, бүгінде мәдениет күндері ауыл-аймаққа да жетті.
Жазиралы Жаркент өңірінде Балқаш, Кербұлақ және Панфилов ауданының күндері өтті. Ұлтымыздың мәдениетін ұлықтайтын мерекеде тамылжыған ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді.
Үш ауданнан жиналған өнерпаздар қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірінен үзінділер сахналап, өнерсүйер қауымның рухын аспандатты. Шараға қатысушылар ата-бабадан қалған асыл аманат – мәдениетімізді мәңгілік ету үшін барын салып келеді.
2006 жылдан бері облыс басшылығының қолдауымен, жетісулық 244 ақын-жазушының кітабы шыққан. Бес жыл бұрын мәдениетке бөлінетін қаражат 882 миллион теңге болса, бүгінде ол 5 миллиардқа жеткен.
Күләш Айтжанова, Еңбек ері:
Адамдар бір-бірімен қауышып, қуанып жатыр. Әрқайсысының өзіне алатын үлгісі, өнегесі көп. Бұл - болашақ жастарға із қалдыру деген сөз. Осындай бірлігіміз арта берсін. Мәдениетімізге сән берсін. Ел іргесі аман болсын!
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы