Украина премьер-министрі: Мариуполь қорғаушылары соңына дейін күреседі
Наурыздың басынан бері Ресей күштері қоршауға алған Мариуполь қорғаушылары соңына дейін күреседі. Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль осылай деп мәлімдеді. Қалада қалған украиналық күштер қару тастаудан бас тартты. Бұған дейін Ресей оларға ультиматум қойып, өз еркімен берілуге үндеді. Сонда өмірін сақтап қалуға уәде берген еді. Ресей күштері елдің бірнеше қаласын әуеден атқылап жатыр. Харковь орталығында 5 адам қаза тауып, 13-і жараланған. Елдің шығысындағы елді мекендерде әуе дабылы қосылды. Оңтүстіктегі Николаев зымырандармен атқыланып жатыр. Украина күштері Ресей әскерінің Одесса портына қарай ілгерілеуіне тосқауыл қойды. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Украинадағы әскери қақтығыста Ресей 7 генералынынан айырылған. Мәскеу мұны растаған жоқ.
Сонымен бірге, өткен аптада «Москва» крейсері суға батқанда, 40 ресейлік теңізші қаза тауып, ондағаны жараланған. Бірнешеуі із-түзсіз жоғалып кетті деген ақпарат тарады. Алайда Ресей бұған дейін кеме бортында болғандар толық эвакуациялынды деп мәлімдеген еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05