НАТО-ға мүшелік: Финляндия мен Швеция мамырда өтінім береді
Финляндия мен Швеция Солтүстік атлантикалық альянсқа мүше болу туралы ниетін мамырда білдіреді. Мұндай ақпарат аталған екі елдің басылымдарында жарық көрді. Онда Швеция мен Финляндияның премьер-министрлері мамырдың ортасында кездесіп, НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініш беретіні айтылған.
Қос мемлекет әскери одақпен жылдар бойы тығыз байланыста келеді. Дегенмен бұған дейін альянсқа мүше болу мәселесі қозғалған жоқ. Ал Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, НАТО-ға қосылуды қолдайтын шведтер мен финдердің саны артқан. Әскери сарапшылардың сөзінше, аталған екі елді альянсқа кіргізу туралы шешім, тез қабылдануы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05