Грекия үкіметі электр қуатының көтерме бағасын шектейді
Грекия үкіметі электр қуатының көтерме бағасын шектейді. Шара тұтынушылар мен кәсіпорындарға қымбатшылық кезінде қолдау көрсетуге бағытталған. Еуропаның өзге елдері секілді Грекияда Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін газ, электр энергиясы, отын және азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Осындай шақта халықты қолдауға арналған үкіметтік бағдарлама дайындалды. Оның аясында тұтынушыларға желтоқсан-мамыр аралығында электр қуаты үшін төлеген соманың алпыс пайызы қайтарылмақ. Ал өткен айда гректердің ең төменгі жалақысы екінші мәрте көтеріліп, 713 еуроға дейін жеткен еді.
Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі:
Еуропада жағдай сол қалпы. Шешім қабылдау тым ұзаққа созылатын тәрізді. Грекия одан әрі күте алмайды. Бизнес пен үй шаруашылығы да қиындыққа одан әрі төзбейді. Тоқырауға жол бермейміз.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16