Буффалодағы атыс. Қарулы жігіт 10 адамды мерт қылды
АҚШ-тың Буффало қаласында 18 жастағы жігіт супермаркетте оқ атып, 10 адамды мерт қылды. 3 адам жараланған. Қылмыскердің есімі - Пэйтон Гендрон. Ол қасақана афроамерикалықтарды нысанаға алған. Шабуыл нәсілдік сипаттағы экстермизм әрекеті ретінде тергеліп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті қылмысты жүзеге асыру үшін Буффалоға 320 шақырым жол жүріп келген екен. Оған шабуылды жасауға тосқауыл неліктен қойылмады деген сұрақ туындап отыр. Себебі, қылмыскер былтыр жазда мектепте оқ ататынын айтып, полицияның көзіне түскен. Әрі табылған құжаттарда ол өзін фашист және ақ нәсілділердің үстемдігі үшін күрескер деп атағаны мәлім болды. Оны өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Кэти Хокул, Нью-Йорк штатының губернаторы:
Терроризм актісіне барған қаскүнем қауіпсіздікке қатер төндірді. Оның өзі де қатыгездікпен аяусыз сотталады. Азық-түлік алу үшін жақын маңдағы дүкенге барған жазықсыз жандар өмірінен айырылды. Осындай оқиғалар қабырғаны қайыстырады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16