АҚШ-тың Буффало қаласында 18 жастағы жігіт супермаркетте оқ атып 10 адамды мерт қылды
АҚШ-тың Буффало қаласында 18 жастағы жігіт супермаркетте оқ атып, 10 адамды мерт қылды. 3 адам жараланған. Қаскүнем қасақана афроамерикалықтарды нысанаға алған. Шабуыл "нәсілдік сипаттағы экстремизм" әрекеті ретінде тергеліп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті қылмысты жүзеге асыру үшін, Буффалоға 320 шақырым жол жүріп келген екен. Қоғамда "Оған шабуылды жасауға тосқауыл неліктен қойылмады" деген сұрақ туындап отыр. Себебі, күдікті былтыр жазда мектепте оқ ататынын айтып, полицияның көзіне түскен. Әрі табылған құжаттарда ол өзін "фашист және ақ нәсілділердің үстемдігі үшін күрескер" деп атағаны мәлім болды. Оны өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Кэти Хокул, Нью-Йорк штатының губернаторы:
"Терроризм актісіне барған қаскүнем қауіпсіздікке қатер төндірді. Оның өзі де қатыгездікпен аяусыз сотталады. Азық-түлік алу үшін жақын маңдағы дүкенге барған жазықсыз жандар өмірінен айырылды. Осындай оқиғалар қабырғаны қайыстырады".
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08