Референдум - шетелдік БАҚ назарында
Германияның «Дойче Велле» немесе «Неміс толқыны» телерадиокорпорациясы да еліміздегі саяси науқан туралы хабар таратты. Мақала авторы референдумға қатысты сұрақтарға рет-ретімен тоқтала кеткен. Оның дерегінше, референдумның артықшылықтарының бірі – қатардағы азаматтар саяси үрдістерге қатысуға, ал партиялар дамуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістерге сай, партиялардың парламентке өту шегі 7-ден 5 пайызға дейін қысқаратыны туралы да назардан тыс қалмаған.
Қазақстандағы референдум жайында Ресейдің ТАСС агенттігі де ақпарат жариялады.
«Сәуірдің 29-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды. Бұл түзетулер Мемлекет басшысының өкілеттігін шектейді, парламент пен жергілікті басқару органдарының өкілеттігін айтарлықтай кеңейтеді; адам құқығы саласын жүйелі түрде нығайтады; Конституциялық Сотты қалпына келтіру; өлім жазасын түпкілікті жояды», - деп хабарлайды материал авторы.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16