Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша жаңа заң әзірленеді
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша жаңа заң әзірленеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның мүшесі Исидор Борча Швили төрағалық еткен жұмыс тобының отырысында айтылды. Жиында қазіргі қолданыстағы материалдарда бірқатар проблемалардың бары сөз болды. Салдарынан Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірқатар санаты қолданыстағы заңға енгізілмеген. Сонымен бірге, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң тұжыРымдамасының жобасы талқыланды. Жұмыс тобының жетекшісі, жылдың соңына дейін сапалы әрі тиянақты құжаттың әзірленетінін жеткізді.
Исидор Борчашвили, Мемлекеттік комиссия мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі:
Осы тұжырымдаманы пысықтау бойынша бірқатар маңызды ескертулер айтылды. Заң жобасы аясында біз 2 тұжырымдаманы талқыладық. Жалпы, қазіргі қолданыстағы заң 1993 жылы қабылданған. Ол бүгінгі күннің талаптарына сай келмейді. Азаматтарымызды оңалту тұрғысынан қажет болатын көптеген ережелер енбей қалған. Осы олқылықты түзету үшін Мемлекет басшысы мемлекеттік комиссия құрды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16