Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте үш мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Эпидахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағындағы елорда «қызыл» белдеуге жақындап келеді.
Шынымен де елде күннен-күнге індет өршіп барады. Тәулік сайын науқастардың саны 500-ге дейін өсіп жатыр. Бүгін анықталған үш мыңнан аса жағдайдың 900-ден астамы Нұр-Сұлтанда тіркелген. Одан бөлек, вирус Алматы қаласы мен Қарағанды облысында өршіп тұр. Қазір респбулика бойынша 23 мыңға таяу адам коронавирустан емделіп жатыр. Мың жарым науқас ауруханада жатыр. Оның ішінде 25 емделушінің жағдайы ауыр. 14 -інің хәлі тіптен мүшкіл дейді дәрігерлер. 7 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Олардың арасында небәрі 4 айлық сәби бар. Жалпы науқастардың 36 пайыздан астамы кәмелетке толмағандар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16