Елордада «Ұлы дала сазы» атауымен этнофестиваль басталды
Бұл заманауи этникалық музыка жанрындағы ауқымды жоба. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қарсаңында ұйымдастырылған шара «Бәйтерек» монументінің қасында өтеді.
Асылбек Данияр, тілші:
Бұл фестивальдің басты қонақтары Діндер съезіне 50 елден арнайы келетін делегаттар болады деп жоспарланған. Оларға Қазақ елінің бай мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі көрсетіледі. Этно-фольклорлық, дәстүрлі әншілер 5 күн бойы осында өз өнерін паш етеді. Этноауыл төрт ірі секторға бөлінген. 8 қанатты киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылған. Сондай-ақ отандық қолөнер шеберелерінің көрмесі де ұйымдастырылған. Этноауыл таңғы сағат оннан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Концерттік бағдарламалар кеші 6-дан 8-ге дейін жалғасады. Келушілер тек ауылды аралап қана қоймай, ұлттық ойындарға қатыса алады. Ал этноауыл ресми түрде сағат 15:00-де ашылады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16