Жаңа заң жобасы: Фонограммамен ән айту заңмен реттелмек
Сахна әдебін бұзған әртістер 6 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова айтты.
Асылбек Данияр, тілші:
Бұл заңның қашан қолданысқа енгізілетіні белгісіз. Министрлік өкілдері өзгерістер мен толықтырулар енгізу ауқымды процесс екенін айтады. Құжатта әртістердің концерт және басқа да мәдени іс-шара кезінде сахна әдебін сақтаудан бөлек, фонограммаға қатысты талап қойылады. Өнер иесі сахнаға алдын ала жазылған әнмен шықса көрерменді ескертуі тиіс.
Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары:
Бүгінгі күні біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Атап айтқанда, заңды тұлғаға айыппұл 150 АЕК-тен басталады, заңды тұлғаға. Жеке тұлғаға 2000 АЕК-тен айыппұл салуды қарастырып отырмыз. Бірақ, бұл әлі заң жобасына енгізілген жоқ, тек қана процедураны қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ бұл мәселені әртістердің өзімен және концерттерді ұйымдастырушылармен бірге талқыладық. Қарсылық ешкім білдірмеді.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір ата-аналар тарапынан «ArtSport» бағдарламасына қатысты да шағым көп. Бұл орайда ұлттық заңнамаға сәйкес, қызметті ұсынушылардың барлығы орта және кіші бизнестің өкілі болғандықтан, заңнама аясында министрліктеде, жергілікті атқарушы органда да тікелей барып тексеру құзыры жоқ. Тек шағым түскен жағдайда ғана құқық қорғау органдары тексеріс жүргізетінін айтты. Сондай-ақ, бұл бағдарламадағы аса ауыр спорт түрлері алынып тасталмақ.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10