Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Прездент сайлауына төртінші кандидат тіркелді. Бүгін «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атынан ұсынылған Қарақат Әбденге Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат куәлігін берді. Кандидат «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 121 мыңнан астам қолын жинаған. Комиссия оның 2000-нан астамын жарамсыз деп таныды. Сондай-ақ, комиссия Қарақат Әбденге банктен арнаулы уақытша шот ашу үшін мәліметтерді жолдады. Қарақат Әбден мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 9 жыл 1 ай.
Қарақат Әбден, Президенттікке кандидат:
Үлкен маңызды қадамнан өттім бүгін. Қажет дауысқа қол жетіп, бүгін қолыма кандидат куәлігін алдым. Енді осы сәтті пайдалана отырып, мені қолдаған, маған тілектес болған еліміздің әр азаматына өзімнің рақметімді айтқым келеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16