Президент сайлауы: Кандидат Жигули Дайрабаевтың штабы ашылды
Астанада ел Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы ашылды. Штаб басшысы Төлеутай Рахымбеков кандидатты таныстырып, сайлау науқанын өткізу жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, үміткерді қолдау жөніндегі штабтар республикалық маңызы бар үш қаланы қоса, еліміздің барлық 20 өңірінде бар. Сондай-ақ, 164 ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада 200-ден астам штаб ұйымдастырылды. Барлық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарына қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген.
Төлеутай Рахымбеков, Кандидат Ж.Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы:
Жалпы республикалық қоғамдық штабтың бірінші мақсаты ол осы сайлауалды компаниясын заңға сәйкес өткізу, ұйымдастыру. Біздің жобамыз бойынша мыңнан астам іс-шара жоспарланып отыр. Әрине жалғыз үміткер оның бәрін қамтамасыз ете алмайды. Бір айға жуық уақыттың ішінде. Ол кісінің өзі бүкіл өңірге барады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар сенімді өкілдері де жұмыс істейді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16