Басты Жаңалықтар Украина президенті Зеленский Херсонға барды

Украина президенті Зеленский Херсонға барды

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский Херсонға барып, қаланың Ресейден азат етілгенін жергілікті тұрғындармен мерекеледі. Айта кетсек, Херсон өткен аптада Киевтің бақылауына қайтарылды. Бұл – Украина армиясы үшін ақпаннан бергі ең үлкен әскери жетістік.

Зеленский халықпен, жауынгерлермен кездесуде осы сәттілік үшін НАТО мен АҚШ-қа және Американың «Хаймарс» зымыран жүйесіне алғыс білдірді. Және де ол Херсонның босатылуын-қарулы қақтығыстың аяқталуының бастамасы деп атап, елінің майданда алға басып жатқанын хабарлады.

Ресей өзінің 30 мың жауынгері мен 5 мыңдай әскери техникасын/ Херсоннан қарашаның 11-де ешқандай шығынсыз әкеткенін мәлімдеді. Алайда, украиналықтар/ ресейліктердің бей-берекетсіз қаруын тастап қашып, олардың кейбірі тіпті Днепр өзеніне батып кеткенін айтып отыр.

Арыстан Рысбек

Бөлісу